Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 300-ден астам адам дәстүрлі дінге бет бұрды

AstanaTV
08.09.2016ж. 20:00
2896
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 300-ден астам адам дәстүрлі дінге бет бұрды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 300-ден астам азамат дәстүрлі дінге бет бұрған. Олар - негізінен түрлі теріс діни ағымдардың жетегіне ергендер. Бұл туралы "Астана" арнасына облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан мәлімдеді. Көптеген кездесулер өткізіліп, мамандар Ислам негіздерін дұрыс түсінбеген тұрғындармен жүздесті. Санасы уланған жамағатты сауықтыруды қолға алды. Бұл мақсатқа білікті имамдар да жұмылдырылған. Бұл жұмыстар өз жемісін беруі тиіс, - дейді Бауыржан Есмахан.

Бауыржан Есмахан, Ақтөбе облыстық діни істер басқармасының басшысы:

Жыл басынан бері айтатын болсақ, 800-дің үстінде жеке кездесу өткізгенбіз жат ағымда жүргендермен. Ал 5-ші маусымнан бастап айтатын болсақ, 380 кездесуді осы 2-3 айдың ішінде өткізгенбіз. Ал егер солардың ішінде жалпы ханафи мазхабына, өзіміздің дәстүрлі ата-жолымызға бет бұрғандар 303 деп айтуға болады.

Теріс діни ағымның жетегіне ергендердің шабуылына ұшыраған қару-жарақ дүкені қожайынына қатысты сот отырысы басталды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оған Қылмыстық кодекстің 254-ші, яғни жүктелген міндетті тиісінше атқармау бабы бойынша айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушы осы азаматтың салғырттығы нәтижесінде террористер 20-ға жуық атыс қаруы мен оқ-дәріні иемденген деп санайды. Қазіргі таңда іс сотта қаралуда.

Зейін Жанғалиев, Ақтөбе облыстық прокуратурасының процессуалдық прокуроры:

Бұл бап бойынша 5 жылға дейін шектеу жазасы бар. Бас бостандығын шектеу. Немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар белгілі бір лауазымды айналысу құқынан 3 жылға тиым салу не онсыз. Яғни аталған қылмыс орта санатты қылмыс болып саналады. 

Мансұр ЕСХОЖИН