Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбе облысында 3 ірі кәсіпорын іске қосылуы тиіс

AstanaTV
05.04.2016ж. 20:00
1539
Ақтөбе облысында 3 ірі кәсіпорын іске қосылуы тиіс

Ақтөбе облысында 3 ірі кәсіпорын іске қосылуы тиіс. Бұл туралы облыс басшысы мәлімдеді. Бердібек Сапарбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру қарқынымен таныстырды. Атап айтқанда, трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, шикізат өңдеу секторын жандандару мәселесі жолға қойылған. Бұл мақсатта Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай мен Австралиялық компаниялар инвестиция салуға әзір. Солардың көмегімен жергілікті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару жоспарланып отыр. Демек, «аймақта қосымша тағы 1600 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады» деді әкім.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысы әкімі:

Атап айтар болсақ, жылына 1 млн тонна цемент шығаруға қауқары бар зауыт. Оған қоса Біріккен Араб Әмірліктерінің 155 млн АҚШ қаражатына никель зауыты мен жылдық қуаттылығы 800 мың тонна калий тыңайтқашын өндіретін зауыттар ашуды көздеп отырмыз. 

Облыс басшысы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының бір бағыты көлік инфрақұрылымына да тоқталды. Екінші жартыжылдықта Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы басталатынан жеткізді. Оның 319 шақырымы Қазақстан аумағына тиесілі. Асфальт жабындысын жаңарту толығымен 2020 жылы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар Ақтөбе-Орск бағытында жұмыстар келер жылға жоспарланыпты. Орталық-Батыс бағытындағы күре тамыр құрылысы да жақын арада қолға алынып, еліміздің бас қаласын Ақтау теңіз айлағымен байланыстырмақ. Бұл тас жол бойында Ақтөбе облысының бірқатар аудандары орналасқан.

 Мансұр ЕСҚОЖИН