Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысында Қаракөз, Садық және Сыдық атты үшем дүниеге келді

AstanaTV
16.03.2023ж. 12:47
1636
Алматы облысында Қаракөз, Садық және Сыдық атты үшем дүниеге келді

Алматы облысының Қарасай ауданаралық көпбейінді ауруханасында дүние есігін ашқан үшем үйіне шықты. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осы перзентханада екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көпбалалы ана атанды.

Ақмаралды үйінде тағы үш бала күтіп отыр, үлкен ұлы 8 жаста.

Үшемнің үлкені Қаракөздің салмағы - 2460 гр, Садық - 2100 гр, Сыдық - 1820 гр.