Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Жолдауы - жарқын болашақтың негізі

16.03.2023ж. 20:00
759
Президент Жолдауы - жарқын болашақтың негізі

Былтыр наурызда жарияланған Жолдау елге біраз жаңашылдық әкелді. Әсіресе, жаңа облыстардың құрылуын жұртшылық ерекше қуанышпен қабылдады. Сондай-ақ тұрғындар, Қазақстанды демократиялық елге айналдырудағы саяси реформалар өзінің нәтижесін береді деген сенімде.

- Жетісу, Абай және Ұлытау облыстары құрылды. Бұл тәуелсіз Қазақстанның облыстарды ашуға деген мүмкіндігі бар екендігін және сол облыстардың өзін-өзі ары қарай дамытып алып кетуге әл-ауқаты бар екенін көрсетті. Ұлытаудың басында кезінде хандардың үлкен-үлкен жиындары өтіп тұрған. Ұлытаудағы ұлттық құрылтайда сол бабаларымыздың басқосуының заңды жалғасы болды деп білемін.

- Конституциялық түбегейлі референдум өткізу арқылы, реформаларды жүзеге асыру арқылы билік түбегейлі елдегі іргелі саяси инстиуттарды қайта жасақтау, қайта сайлау арқылы біртіндеп жүзеге асып жатқанының куәсі болып отырмыз.