Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

"Құрылтай – халқымыздың тарихи жадын сақтап қалуға ықпал етеді",-тарихшы

16.03.2023ж. 20:00
714
"Құрылтай – халқымыздың тарихи жадын сақтап қалуға ықпал етеді",-тарихшы

«Президенттің Жолдауы мемлекетімізді бір жыл ішінде бірқатар оң өзгерістерге алып келді». Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихшылары бірауыздан осылай дейді. Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ел дамуының алғышарты болды. Тарихшылар азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлінің артқанын жоғары бағалап отыр. Сондай-ақ ел үмітін ақтаған Ұлттық құрылтайдың шақырылуына тоқталды. «Құрылтай – көшпелі демократияның формасы, ол халқымыздың тарихи жадын сақтап қалуға ықпал етеді»,- дейді тарих ғылымдарының кандидаты Ақсұңқар Абдулина.

Ақсұңқар АБДУЛИНА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Жолдаудан кейін бірқатар оң өзгерістерді, оның ішінде экономика саласындағы өзгерстерді байқап отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан суперпрезиденттік жүйеден мықты парламенті бар президенттік жүйеге көшті. Тамыр-таныстық түсінігі жойылуда. Конституциялық соттың құрылғаны да үлкен маңызға ие.

Жолдауда еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру мәселесі де көтерілді. Нәтижесінде, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстары құрылды. Сондай-ақ Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшті.

Шәмек ТІЛЕУБАЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл облысқа өте қажетті дүние. Әр жақтан да, бер жақтан да қатынауға өте қолайлы болады. Инфрақұрылымына келген кезде, онда қазір үлкен құрылыс жұмыстар жүріп жатыр. Болашақта Қонаев қаласы керемет гүлденген орталыққа айналады деп үміттенеміз. Және сол бағытта мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар жасалып жатыр.