$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдері арасында пікірсайыс өтіп жатыр

16.03.2023ж. 20:00
876
Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдері арасында пікірсайыс өтіп жатыр

Дәл қазір «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдері арасында пікірсайыс өтіп жатыр. Телевизиялық дебат регламент бойынша үш кезеңнен тұрады. Алғашқысында қатысушылар өз партиясын 2 минут ішінде таныстырады. Сосын қарсыластарына өткір, өзекті сұрақ қоя алады. Екінші кезеңде Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жағынан қалай дамытатыны туралы айтады. Оған да 2 минут уақыт беріледі. Сондай-ақ, көрерменнен келіп түскен бір сұраққа жауап береді. Үшінші кезеңде сайлаушыларға үндеу жасайды. Әр қатысушының 1,5 минут уақыты бар.