Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент Ақордада бірқатар облыс әкімдерін қабылдады

AstanaTV
09.09.2016ж. 20:00
2959
Президент Ақордада бірқатар облыс әкімдерін қабылдады

Бүгін сондай-ақ Президент Ақордада бірқатар облыс әкімдерін қабылдады. Аймақтардағы ахуалға қанықты.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жоспарға сай жүзеге асып жатқанын айтты. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Арселор Миттал Теміртау компаниясында жаңа қазандықты іске қосу жоспары бар екенін баяндады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов әсіресе жастарды жұмыспен қамту шараларының қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Батыс Қазақстан облысында экономикалық өсім баршылық, егін орағы науқаны сәтті жүзеге асқан. Өңірде ауа райының қолайсыздығынан былтыр егіннің 50%-ға жуығы шықпай қалған болса, биыл көрсеткіш жақсарды.

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге шағын-орта бизнеске қолдау көрсетіп, тиісті міндеттерді сапалы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Өңдеу өнеркәсібінде өсім байқалады 4 пайызға, сонымен қатар негізгі капиталға инвестицияның былтырмен салыстырғанда 26 пайызға өскені жайында баяндама жасадым.

Д. БАҚДАУЛЕТ