Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр болып тағайындалды

AstanaTV
09.09.2016ж. 20:00
4199
Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр болып тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр болып тағайындалды. Бүгін Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы шықты. Сағынтаевтың кандидатурасын Мәжіліс депутаттары қолдап дауыс берген.

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлерді дамыту министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі қызметтерін атқарды. 2014 жылдың сәуірінен бері Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымында болған.

Сондай-ақ бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары болып бұған дейін "Қазақстан темір жолын" басқарып келген Асқар Мамин тағайындалды.