Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

20 мың бауырсақ таратылады

AstanaTV
17.03.2023ж. 08:20
1113
20 мың бауырсақ таратылады

Өскеменде Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілмек. 20 наурызда сағат 14:00-17:00 аралығында Республика алаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚУ және Өнер колледжі студенттерінің қатысуымен концерт өтеді.

21 наурыз күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін қала тұрғындарына дәл осы жерде «Ертіс концерт» мекемесінің өнерпаздары тарту жасайды. Бағдарламада спорттық ойындар, сауда-саттық және бауырсақ тарату бар.

«22 наурызда орталық алаңда киіз үйлер қалашығы тігіліп, алтыбақан орнатылады. Мерекелік шаралар таңертеңнен кешке дейін жалғасады. Атап айтқанда, эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Халыққа 20 мың бауырсақ таратылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылады», - деп хабарлады қала әкімдігі.