Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылордада «Наурыз шапағаты» қайырымдылық керуені жолға шықты

Қызылордада «Наурыз шапағаты» қайырымдылық керуені жолға шықты

Қызылордада «Наурыз шапағаты» қайырымдылық керуені жолға шықты. Олар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қапшықтарын жеткізеді.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара барысында 2 мыңнан астам отбасы қамтылмақ. Еріктілер күнделікті тұтынатын азық-түлік толы қоржындарды олардың үйлеріне дейін жеткізіп берді. Сол мақсатта 30 автокөлік жолға шықты. Шараның шарапатын көрген жандар жылы лебіздерін жеткізді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударып келеді. Соның негізінде ұйымдастырылған «Наурыз шапағаты» қайырымдылық акциясының игілігін аудан тұрғындары да көреді. Азық-түлік себеттері әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға үлестіріледі. Оған облыс әкімі Нүрлыбек Нәлібаев қолдау білдіріп, аймақтың қайырымды азаматтары атсалысуда.

Ғабит ЖАҢАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша, өздері үлкен мерекелердің қарсаңында, жаңа жылдың қарсаңында осындай акцияны ұйымдастырып. Бүгін өзіміздің төл мерекеміз Наурыз мерекесі қарсаңында осындай шараны ұйымдастырып жатырмыз. Кәсіпкерлер негізінен, мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметшілер үлес қосып жатыр.

Мұндай шара аймақта алғаш өткізіліп тұрған жоқ. Былтыр да демеушілер есебінен 19 мың отбасыға құны 400 млн.теңгеден аса көмек көрсетілген.