Екі
күннен кейін күллі мұсылман қауымы
Қасиетті Құрбан айт мейрамын тойлайды. Қазақстан жұртшылығы да құрбандық шалып,
айтулы күнді атап өтеді. Ұлық мерекеге дайындық барысы мен биылғы мал бағасы
қандай? Әріптестерім біліп қайтты.
Шымкенттегі Әбілқасымовтар әулеті ұлық мерекенің дайындығына кірісіп кеткен.
Отанасы Маржан апа қонақтарға төсейтін
көрпелерін күнге жайып алып жатыр. Қасиетті Құрбан айтты асыға күтетін бұл
отбасының әзірлігі ерекше. Айттың алғашқы күні шаңырағына алыс-жақындағы
ағайын-туыс пен жекжаттар түгел жиналады. Бүгін дүкен аралап, қажетті
азық-түлікті түгел сатып алып та қойды.
Маржан
Әбілқасымова, Шымкент қаласының тұрғыны:
Әр
мұсылман асыға күтеді. Бұл мейрамда лажы болса, бір біріне таза киім киініп,
намаз оқылғаннан кейін бір- бірінің үйіне барып, реніштері болса кешіріліп, бір-біріне.
Бұл күні тазалыққа да баса мән беріледі. Тазалық - иманның айнасы, дегенді берік
ұстанған келіндер үй-ішін мұнтаздай етіп қойған. Ал еліміздің батысында, әсіресе, Атырау
облысында Құрбан айт мерекесінен бұрын шектік беру дәстүрге айналған. Яғни
қайтыс болған кісіге арнап мал шалып, Құран оқытады. Бұл - «қаза болған
шаңырақта бұдан былай өлім-жітім шектелсін, тек жақсылық болсын»,- деген
ниеттен туған дәстүр. Имамдар шектік пен Құрбан айтты шатастырмауды ескертеді.
Батыржан
Мансұров, «Иманғали» мешітінің бас
имамы:
Марқұмның
атына мал шалып, Құран оқыту. Шектікті
біз қазір «шалмаңдар, доғарыңдар»,- деп айтпаймыз. Біз: "Бүгін шектік шалатын болсаңыз, ертең Құрбан айтта жеке қошқарыңызды дайын ұстап
тұрыңыз",- дейміз. Ал мен шектік шалдым,
Құрбан айтта шалмаймын десе, онда ол қате болады.
Сондықтан
мал базарында Құрбан айт мерекесі басталмай жатып, мал саудасы қызып тұр. Ұсақ
малдар 15 мыңнан басталады. Ал ірісі 40-50 мың теңгеге дейін. Таңдау мол. Мал
иелері әкелген түлігін бірін қалдырмай
бірер күнде сатып бітетініне сенімді.
Айгүл
Сдихова, сатушы:
Келіп
жатыр, Қызылқоға ауданына, Оралдан келіп
жатыр мал, жақсы, қолжетімді бағамен беріп жатырмыз. Ешқандай өсіп жатқан
ештеме жоқ.
Биыл елімізде малды мешіттер мен кез-келген талап етілмеген жерде союға тиым
салынды. Сондықтан жылдағы үрдіспен мал сою цехындағылар мерекеге қызу
дайындықпен келеді. Облыс бойынша 25 мал
соятын орын бар оның 4-еуі қалада. Мысалы, мына орында тәулігіне 150 бас ірі
қара мен 300 бас қой союға болады.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Тұрмыстық
жағдайы жақсы кез-келген мұсылман үшін ізгі амалдар жасап, мал шалу - уәжіп.
Айта кетейік, Құрбан айт мейрамы елімізде ұлттық салт-дәстүрге сай атап
өтілмек. Орталық мешіттердің ауласына киіз үйлер тігіледі. Онда ұлттық ойын түрлері ұйымдастырылып, мерекелік
дастархан жайылатын болады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ