Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан Паралимпиада ойындарынан тұңғыш алтынға қол жеткізді

AstanaTV
09.09.2016ж. 20:00
2570
Қазақстан Паралимпиада ойындарынан тұңғыш алтынға қол жеткізді

Қазақстан Паралимпиада ойындарының тарихында тұңғыш рет алтын медальға ие болды. Ел қоржынына жүлде салған Зульфия Габидуллина. Бұрын-соңды бұл ойындардан еліміз қандай да бір медальға қол жеткізбеген. Зульфия Лондонда өнер көрсетіп, биік тұғырдан көріне алмаған еді. Бразилиядағы додада 100 метрге еркін жүзуден топ жарып шықты. Сондай-ақ, жерлесіміз әлемдік және паралимпиадалық ойындардың екі бірдей рекордын жаңартты. Алдағы күндері Зульфия жүзудің басқа түрлерінен де бақ сынайтын болады. Жеңімпазды тұңғыш алтын медалімен президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан Республикасының Президенті:

Ел тарихында Паралимпиада ойындарынан тұңғыш алтын медаль алып, барлық қазақстандықтарға қуаныш сыйладың. Дүниежүзі сені Қазақстанның атын шығарған мықты спортшы ретінде таниды. Жүз метр қашықтыққа еркін жүзуде әлемдік рекорд жаңартуың бұған дәлел. Сенің жеңісің - ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбектің жемісі.