Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

750 мыңнан астам қазақстандық бала бағып үйде отыр

AstanaTV
18.03.2023ж. 11:58
1069
750 мыңнан астам қазақстандық бала бағып үйде отыр

Қазір елімізде 752 855 ата-ана бала күтіміне байланысты демалыста отыр.

«Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы Еңбек кодексінің 100-бабы 1,2,3,4 тармақтарына сәйкес тағайындалады. Бала күтімімен айналысатын адамның (ата-ана, асырап алушы) жұмыс орны сақталады, бірақ жалақы жүрмейді. Өз кезегінде жұмыс беруші орынды сақтауға міндетті. Жәрдемақы бала 3 жасқа толғанша беріледі. Ата-ананың бала күтіміне байланысты демалысты толық немесе бөліп алу мүмкіндігі бар. Отбасыға әлеуметтік қатер төнген жағдайда мәселе Қазақстанның 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңына сәйкес реттеледі. Дегенмен төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесінде тіркелген азаматтарға қарастырылған», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген ақпаратта.

Ресми мәліметте айтылғандай, бала күтіміне байланысты жәрдемақы ата-ананың біреуіне ғана беріледі.

Ал 2 не одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы әр сәбиге жеке тағайындалады.

«Бүгінде туған және асырап алған бала күтіміне байланысты 752 855 ата-ана немесе асырап алушы бар. Олар бала 3 жасқа толғанша демалыста бола алады», – дейді ведомстводан