$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Астанада таңғы сағат 7-де дауыс беру басталды

19.03.2023ж. 08:00
106
Астанада таңғы сағат 7-де дауыс беру басталды

Астанада таңғы сағат 7-де дауыс беру басталды. Елордалықтар 416 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасай алады. Учаскеге алғаш болып келгендерге және тұңғыш рет таңдау жасаушыларға сыйлықтар үлестірілуде. Сайлаушылар дауыс беру азаматтық құқығымыз, мемлекеттік парызымыз дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Екінші рет дауыс беруім. Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруге келдім. Сайлаудан кейін өзгеріс болады және еліміз одан ары дамиды деген ойдамын.

- Сайлауға келдім. Бұл менің борышым деп ойлаймын. Негізі сайлау біздің республикамыз үшін маңызды. Әрбір қазақстандық өз таңдауын жасайды деп ойлаймын.

- Бүгін – ерекше күн, барлық қазақстандық өзінің жарқын болашағы үшін дауыс беретін күн. Өзім үміт артқан азаматтар еліміздің жарқын болашағын жасауға ат салысып, біздің қазақ елі биіктерден көрініп, дамиды деген ойдамын.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах