Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте бір сағат ішінде 100-ден аса сарбаз дауыс беріп үлгерді

AstanaTV
19.03.2023ж. 08:39
620
Шымкентте бір сағат ішінде 100-ден аса сарбаз дауыс беріп үлгерді

Шымкенттік сарбаздар сайлауда белсенділік танытуда. Қаладағы №6698 әскери бөлімінде таңғы сағат 6.00-ден бастап 100-ден аса сарбаз дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлау — еліміздегі маңызы зор саяси науқан. Ал, сайлауда белсенділік таныту — әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Себебі, біз өз таңдауымызды жасай отырып, Жаңа Қазақстанның жаңа қоғамын қалыптастырамыз. Еліміздің өркендеуіне тың серпін әкелетін бағдарламаны қолдаймыз. Біздің 6698 әскери бөлімінде 200-ден астам сарбаз дауыс беруге қатысады. Біз Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясына алдын ала өтініш білдірдік. Жабық сайлау учаскесі ретінде мұнда тек сарбаздар ғана дауыс беред» - дейді №30 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы, 6698 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Руслан Бектұрсынов.

6698 әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер қарағандылық Давид Великанов өз таңдауын жасады.

«Мен Қазақстанның патриоты ретінде өз таңдауымды жасадым. Еліміздің келешегі жарқын болуы үшін әрбіріміздің даусымыз маңызды», - дейді ол.

Айта кетейік, аталған әскери бөлімінің басшылығы алғашқылардың қатарынан табылған 4 сарбазға арнайы сыйлық үлестірді. Бір сағат ішінде 102 сарбаз дауыс беріп үлгерді.