«Amanat” партиясының төрағасы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ерлан Қошанов Қазақстан темір жолы ғимаратындағы №110 сайлау учаскесінде Кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат депуттарын сайлауда өз таңдауын жасап, дауыс берді.
№110 сайлау учаскесі елордадағы Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан.
Сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмысқа кірісті.
Сайлау учаскесінде 2229 сайлаушы тіркелген. Сайлау сағат 20:00-ге дейін жалғасады.