Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Саяси науқан өзгерістерге толы», - сарапшы

19.03.2023ж. 16:00
938
«Саяси науқан өзгерістерге толы», - сарапшы

Халық сенімін ақтамаған депутаттар мандатынан айырылады. Бұл – биылғы сайлаудың басты ерекшелігі. Осылай деген сарапшылар саяси науқан өзгерістерге толы екенін айтты. Енді сол жаңа бастамаларды тиімді пайдалана алатын тұғырлы тұлғалар депутат болса екен дейді. Тұрғындардың таңдауы түскен кандидаттар халық пен биліктің арасында алтын көпір болып, сенімді ақтайды деген үмітте.

Оңайгүл ТҰРЖАН, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

Осы сайлауда маған ұнаған ерекшелік, егер де сайланған өкіл, депутат өзінің міндетін дұрыс атқармаса, онда ол бір жылдан кейін шығып қалады. Бұл деген нағыз демократиялық замандағы көріністер деп ойлаймын. Сондықтан сайлауға бардым, дауысымды бердім. Қоғамның дамуының негізгі кілті - осы жолғы керемет сайлау және осы жолғы дамудың ең мықты қадамы деп ойлаймын.