Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Сайлаушылардың тең жартысынан астамы өз таңдауын жасады

19.03.2023ж. 16:00
1050
Сайлаушылардың тең жартысынан астамы өз таңдауын жасады

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында қостанайлықтар белсенді. 14:00-дегі мәлімет бойынша, Тобыл өңірінің сайлаушыларының 62,36 проценті өз таңдауларын жасап үлгерген. Дәл қазір бізбен Орталық сайлау комиссиясынан әріптесім Бекболат Сатуов тікелей байланысқа шыққалы тұр.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын дауыс берушілердің белсенділігін есептеуде. Сағат 14-00-дегі ақпарат бойынша, сайлаушылардың 46,84 процентінен астамы өз таңдауын жасады. Яғни, 6 млн-ға жуық 6млн-ға жуығы бюллетень алынған.

Әзірге, Қостанай облысы көш бастап тұр. Сайлаушылардың 62.36 проценті дауыс берген. Шығыс Қазақстан облысы 58,69 процентпен екінші сатыда, жамбылдықтар 58,32 процентпен үшінші тұғырда. Еліміздегі мегаполис саналатын қалалардың көрсеткіші төмен.

Дәл қазір 16-00-дегі көрсеткіш есептеліп жатыр. Соңғы өзгерістерді алдағы шығарлымда айтатын боламыз.