$523.86 €544.34 ₽5.11
×

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы атынан 61 байқаушы келген

AstanaTV
19.03.2023ж. 16:00
1267
ТМД Парламентаралық Ассамблеясы атынан 61 байқаушы келген

Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау процесін ТМД Парламентаралық Ассамблеясы атынан 61 байқаушы қадағалап отыр. Халықаралық байқаушылар сағат сайын брифинг өткізіп, журналистерге сайлаудың өтуіне қатысты ақпарат беруде. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий осыған дейін байқаушылар тобы әлемнің бірқатар елінде болғанын, Қазақстанға тәжірибелі мамандар келгенін айтты.

Дмитрий КОБИЦКИЙ, ТМД ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫ БАС ХАТШЫСЫ:

Біз аралаған сайлау учаскелерінде барлығы өте сапалы дайындалған. Сайлау комиссиясының мүшелері тыңғылықты дайындықтан өткен. Бақылаушылар қандай ықтимал бұзушылықтарды тіркейтінін, олардың қандай болатынын біледі және түсінеді. Қазіргі сәтте біз де, ұлттық байқаушылар да бірде-бір тәртіп бұзушылықты байқамадық.

М. Жолдыбалин