$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Қызылордада дауыс беруге келгендерге бауырсақ ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Қызылордада дауыс беруге келгендерге бауырсақ ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Еліміздің барлық облысында халықтың белсенділігі жоғары. Оған тілшілеріміз куә болуда. Әр аймақ өзіндік ерекшеліктерімен ұйымдастыруға тырысқан. Қызылордада сайлау ерекше сән-салтанатпен өтіп жатыр. Өңірдегі тілшіміз Мөлдір Тоқтасынқызы қазір тікелей байланыста.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Аймақта мерекенің лебі сезіледі. Қаладағы 256 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген азаматтарға бауырсақ ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Халық асық атып, арқан тартып, мәре-сәре. Мерекелік шараға келгендей көңіл-күйдеміз дейді.

Тобаш ЕМБЕРГЕНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өте жақсы ұйымдастырылған екен. Музыкалық шаралар ұйымдастырылған. Наурыз мерекесіне, сайлауға байланысты көңілді жүр барлығыда, көп адам келіпті. Құтты болсын барлығы да. Ортақ мереке ғой. Бүкілхалықтық береке.

Ал таң азанымен жолға шыққан «Көңілді автобус» керуені қала ішін думанға бөледі. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған этномәдени топ қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, бірнеше сайлау учаскесіне барды.

Галина ШЕРБАКОВА, СЛАВЯНЕ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біз көпұлтты елде тұрамыз. Сол ауызбіршілікпен этномәдени орталық өкілдері жиналып сайлау учаскесіне келдік. Ән шырқап, елдің де көңіл-күйін көтеруге атсалыстық деп ойлаймын. Бүгінгі сайлау ел болашағы үшін маңызды. Қазір бірлігі жарасқан елде жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бірақ бұдан да жақсы болғанын қалаймыз.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Аймақта 373 сайлау учаскесі бар. Оның 29-ы әскери гарнизондар мен тергеу изоляторларында, вахталық қалашықтарда, емдеу мекемелерінде орналасқан. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 34 инватакси қызметі жұмыс істеп тұр.