Атырауда «Еxitpoll» өкілдері әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр. Ғылыми-зерттеу ассосациясы демократиялық институты мекен-жайы бар сайлау бөлімшесі тізімін ұсынады. Барлық бөлімшелер кездейсоқ іріктеліп алынған. Жауап беру-бермеу респонденттердің өз еркі және олардың жауабы құпия сақталады. Сауалнама 4 кезеңнен тұрады. 66 сайлау учаскесіне алғашқы екі кезеңде сауалнама жүргізген. Әңгімеге тартқан 40 адамның жартысына жуығы келісім беріп, таңдауымен бөліскен.
Ләззат ҚОҢЫРБАЕВА, «EXITPOLL» ӨКІЛІ:
66 сайлау бөлімшесінде сұрақ-жауап алып жатырмын. Күндізгі уақытқа дейін екі кезең болады. Екі кезеңнен жауап алдым. Бірақ олардың жауаптары құпия болып есептелінеді. Біз оны кешке сайлаудан кейін түнгі сағат 12-де жариялаймыз.
Астанада да «Еxitpoll» өкілдері жұмыс істеуде. Соның негізінде қай партияның немесе кандидаттың басым дауыс жинағаны болжамды түрде анықталады. Әлеуметтік сауалнама жүргізушілер өздеріне белгіленген учаске маңында төрт кезеңнен тұратын сұрақ-жауап жүргізуде.
Үсен АСТАНҚҰЛОВ, «EXITPOLL» ӨКІЛІ:
Мұндағы ең қызығы, жастар көп. Жаңа Қазақстан жаңа леппен жастардың рухымен келіп жатыр дегенге сенімділік артуға болады. Бізде енді ғылыми ассоциация, біз бұл жерде адамдардан опрос жасаймыз. Барлығы құпия түрде, сол арқылы кейін зерттеу инстутына тапсырамыз.