$523.72 €544.09 ₽5.2
×

"Халық сайлауға мерекеге келгендей қуанып келді"-Уэсли Хилл

AstanaTV
20.03.2023ж. 20:00
1032
"Халық сайлауға мерекеге келгендей қуанып келді"-Уэсли Хилл

Партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізу, нәзік жандылар мен жас буын өкілдерін белсенді болуға және саяси процестерге қатысуға ынталандырмақ. Елімізде өткен саяси науқан жөнінде халықаралық байқаушылар осылай дейді. Сайлау барысын олар жоғары бағалап отыр. Ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ дейді. Айтуыларынша, сайлауға өзін-өзі ұсынғандардың көп болуы халық сенімін арттыра түседі.

Геннадий СЕМИГИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ:

Кезектен тыс парламент мәжілісі мен маслихат сайлауы жоғары деңгейде өткенін атап өту керек. Көп партиялық жүйе Қазақстан саясатында алға қадам басты. Сонымен қатар бір мандаттық жүйені де атап айтқым келеді. Қазіргі уақытқа дейін сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Менің ойымша Қазақстан саяси, экономикалық реформалар арқылы бүкіл ТМД елдеріне үлгі болады.

Америка құрама штатының сарапшылары да Парламенттік сайлаудың дайындығы мен өту барысын мұқият қадағалаған. Халықаралық бағдарламалар менеджері Уэсли Хилл Қазақстандағы реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. "Сайлауға түсіп жатқан 7 партия тізімінде жас партиялардың болуы Парламентте жаңа пікір қалыптастырады" - дейді ол.

Уэсли ХИЛЛ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ:

Бұл сайлау саяси бәсекелестіктің артқанын байқатады. Біз түрлі қалалар мен ауыл аймақтарда тәуелсіз байқаушы болдық. Дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың. Сайлауға мерекеге келгендей қуанып келіп жатты. Барлығының болашақтан үміті зор. Халық сайлаудан көп нәтиже күтеді.