Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Саяси науқанда 100-ден астам жас кандидатқа қолдау көрсетілді

20.03.2023ж. 20:00
689
Саяси науқанда 100-ден астам жас кандидатқа қолдау көрсетілді

«Жастар үні» блогы жұмысын қорытындылады. Бір ай бойы 100-ден астам кандитатты қолдады. Бұл блоктың құрамына еліміздің танымал журналистері жиналған. Олар саяси науқан кезеңінде әр жас үміткерді өз платформалары арқылы халыққа жақынырақ таныстырды. Блок мүшелері кандидаттарға қолымыздан келгенше көмектесуге тырыстық – дейді.

Нұрсұлтан ҚҰРМАН, «ХАБАР» АРНАСЫНЫҢ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ:

Биыл жастар өте көп болды. Мысалы, 35-ке дейін дедік қой. Соның өзі де жақсы әсер етті. Жастар өте белсенді, мықты. Біздің қолымызда тек қана ақпараттық қолдау болды. Бізде, мысалы, блоктың белгілі-бір бюджеті жоқ қой. Біз коворкинг орталықтарында жиналып, олармен жеке дара кездестік. Тәжірибе алмастық, проблема қарадық. Әрқайсысының қазір мобилографы бар. Барлығы бір-бірімен танысып, бірігіп жұмыс істеп, бірігіп халықпен кездесуге барып жатқан сәттер де болды.