Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Наурыз мейрамы - жақсылық пен құт береке бастауы

20.03.2023ж. 20:00
1819
Наурыз мейрамы - жақсылық пен құт береке бастауы

Наурыз мейрамы - жақсылық пен құт береке бастауы. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасын өткізді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Наурыз - қазақтың ұлттық мейрамы, төл мерекесі. Еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатқан бұл мейрам дәл қазір біз тұрған мекемеде де ерекше аталып өтіліп жатыр. Мұнда барлығы бар өнерлерін ортаға салуда. Көңілдеріне қуаныш, жүздеріңе күлкі ұялаған қазыналы қарттар алғыстарына жаудыруда.

БЛИЦ:

- Наурыз мейрамы құтты болсын! Өмір жастарын ұзақ болсын! Еліміз жұртымыз аман болсын бәріміз аман болайық.

- Көңіл-күй жақсы. Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Наурыз мейрамымен құттықтаймын бүкіл Қазақстанды.

- Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз мейрамын осылай жылда осылай құттықтайды. Өнер адамдары келіп үйстіп концерттерін қойып қарт осы Шарапаттан нәр алып жатқан қазыналы қарттарды қуантып баталарын алып жатады.

Орталықта Наурыз мерекесі жыл сайын тойланады. Көнекөз қариялар бір-біріне жақсы тілек тілеп, осы жеткен күніне шүкіршілік етеді. Біраз көңіл көтеріп, ән мен күй тыңдап құлақ құрышын қандырады.

Асхат АЛМАБЕКОВ, "ШАРАПАТ" ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жылда осындай мереке де бізге қонақтар келеді. Концерттер ұйымдастырады. Енді біздің қызмет алушыларға әрине осындай ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы келе жатқан мейраммен біздің қызмет алушыларды шың жүректен құттықтап жатырмын.

Шара барысында Іс Басқармасының қызметкерлері орталық тұрғындарымен әңгіме-дүкен құрып, көңілдеріне қуаныш сыйлады. Сый-сияпат жасады.

Шолпан ЖҰМАҒҰЛОВА - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз өз ұжымымыз бен бүгін бірге аздаған сый сияпатымызды алып келіп отырмыз. Осындағы қарттардың көңілін көтеру үшін Президент оркестріде жақсы өнер көрсетіп өздерінің өлең жырларын айтты. Қарттар оған қатты қуанып жатыр. Бұндай іс-шара біздің тарапымыздан жалғасын табатын болады.

Мерекелік кештен соң Наурыз дастарханы жайылды. Кешке жиылғандар қимастықпен тарқасты.