Өзбекстан парламенті премьер-министр Шавкат Мирзиёевты уақытша президент міндетін атқарушы етіп тағайындады деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі.
Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарған Ислам Каримов өткен аптада 78 жасында инсульттен қайтыс болғаны мәлім.
Өзбекстан конституциясы бойынша, президент қайтыс болғанда немесе қызметін атқаруға қабілетсіз болып қалған жағдайда оның міндетін атқару уақытша парламент сенатының спикеріне жүктелуі тиіс. Бірақ Өзбекстан конституцияны «айналып» өтті. Шавкат Мирзиёевтың президенттің «міндетін атқаратыны» әу баста-ақ айтылған. Желтоқсанның 4-де өтетін президент сайлауында да кімнің жеңіске жететіні сияқты...
www.esquire.kz порталының өтнішімен Умида Ахмедова есімді фотограф Ташкенттен қырық шақырым жердегі Болғалы деген қазақ ауылынан фоторепортаж дайындаған. Кейбір фотоларын назарларыңызға ұсынамыз. Міне, қараңыздар:
Умида қазақша Үміт ғой, Қазақ мәдени орталығының рекомендациясын алған, әйтпесе Өзбекстанда видеоға, суретке түсіру мүмкін емес,- дейді фотограф. Адамдар бәрінен қорқады, әсіресе камера ұстаған, интернет желісіне қосылған техникасы бар адамнан.
Болғалы ауылындағы ер-азаматтардың көбінің нәпақа табу үшін сыртқа, оның ішінде Қазақстанға кеткендері баяндалады. Кейбірінің тіпті үйлену тойынан соң бірден аттанатынына тоқталады.
Боямасыз тіршілік. Бар
бояуымен.