Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Эммануэль Макрон Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасайды

AstanaTV
21.03.2023ж. 22:13
1131
Эммануэль Макрон Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасайды

Франция Президенті Эммануэль Макрон ертең, 22 наурыздағы елдегі зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы ТАСС сілтеме жасап.

Эммануэль Макрон Елисей сарайында жасайтын мәлімдеме Астана уақытымен сағат 18:00-де көрсетілетін болады.

Айта кетсек, Франция билігі азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64 жасқа дейін көтеру туралы заңды парламентте дауысқа салмай, мақұлдау туралы шешім қабылдады. Заң жобасы елде жаппай наразылық тудырып, ереуілдің өршуіне себеп болды. Франциядағы шеру туралы ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқуға болады.