Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ауғанстандағы зілзаладан 11 адам қаза болды: Дүмпу Қазақстаннан бөлек, 4 елде сезілді

AstanaTV
22.03.2023ж. 09:15
608
Ауғанстандағы зілзаладан 11 адам қаза болды: Дүмпу Қазақстаннан бөлек, 4 елде сезілді
сурет: AP Photo/ Naveed Ali

Сейсенбі күні кешке Ауғанстанда болған жер сілкінісінен Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында кем дегенде 9 адам қаза болды. Ауғанстан шығысындағы Лагман провинциясында тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

News газеті сәрсенбі күні Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының Табиғи апаттармен күрес жөніндегі басқармасының жаңартылған мәліметіне сілтеме жасап жазуынша, зілзала салдарынан мерт болғандар саны қазіргі уақытта 9 адамда құрап отыр, тағы 44-і жарақаттанды.

Сейсенбі күні Dawn басылымы Хайбер-Пахтунхвада тұрғын үйлердің шатыры мен қабырғаларының құлауынан екі адам көз жұмып, алтауы зардап шеккені туралы мәлім еткен еді. Өз кезегінде Reuters агенттігі Пәкістан полициясына сілтеме жасай отырып, Сват округінде 150-ге жуық адам жарақат алғанын жазды. Округ ауруханалары жоғары деңгейдегі дайындық режиміне ауыстырылды.

Dawn мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері Хайбер-Пахтунхвадан бөлек, Пәкістанның өзге өңірлерінде де сезілген. Соның ішінде Пешавар, Лахор, Кветта, Равалпинди және Исламабад бар.

Онымен қоса, Ауғанстанның табиғи апаттар салдарын төмендету жөніндегі басқармасының өкілі Reuters агенттігіне мәлім еткендей, Лагман провинциясында 2 адам қаза болған.

Еуропа – Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы сейсенбі күні Ауғанстанда 6,8 магнитудасымен жер сілкінгенін тіркеді. Кейін сейсмологтар магнитуданың 6,5 болғанын мәлім етті. Ошағы Ауғанстанның Пәкістан және Тәжікстанмен шекарасына жақын жерде, 12 мыңнан астам халық тұратын Ишкашим қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км қашықтықта орналасты. Тереңдігі – 185 км. Жерасты дүмпуін, сондай-ақ Қазақстан, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері сезінді.