Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

20 мыңға жуық полицей мен ұландық мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

AstanaTV
22.03.2023ж. 10:23
728
20 мыңға жуық полицей мен ұландық мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Наурыз мейрамын тойлау күндері Қазақстан бойынша 20 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгері қызметке кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық жедел басқару орталығында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді.

Сіздерге осы мереке күндері қызмет атқару міндеті жүктеліп отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Әрбір өтінішке құлақ асып, қамқорлық және ұқыптылық таныту парыз. Барынша сыпайы болып, мұқияттылық көрсеткен абзал. Тұрғындар полиция мен Ұлттық ұланның қашан да қоғам қауіпсіздігінің кепілі екеніне сенімді болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол әріптестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтады.