Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодар облысында 71 мың гектарлық аумақ шыбын-шіркейге қарсы өңделеді

AstanaTV
22.03.2023ж. 14:44
1053
Павлодар облысында 71 мың гектарлық аумақ шыбын-шіркейге қарсы өңделеді

Ертіс өңірінде 71 мың гектарлық аумақ қансорғыш жәндіктерге қарсы препараттармен өңделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл аумақ Ертіс өзенінің алқабына тиесілі. Шыбын-шіркейлермен күресу мақсатында биологиялық препараттың 102 тоннасы әкелінді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта облысқа қажетті препараттың 60 тоннасы әкелінген. Тағы 20 тоннасын мердігер ұйым жеткізіп берді. Айта кетейік, қансорғыш жәндіктерге қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуы аймақ басшылығының тікелей назарында. Облыс әкімі дайындық барысын көріп, пысықтады.

71,5 мың тонналық жайылма аймаққа 100 тонна «Бактицид» препараты керек. Қазіргі уақытта биологиялық өнімнің 80%-ы әкелінді. Қалғаны сәуір айында жеткізіледі. Жайылымдарды әуеден өңдеу үшін техника құралдары да дайын тұр, - дейді мамандар.

Жәндіктердің таралуын бақылап, ғылыми қолдау көрсететін мамандардың айтуынша, қар еріген соң су айдындарындағы шыбын-шіркейлердің дернәсілдерінің көлемі есептеледі. Сонымен қатар, фенологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Ең бастысы, судың температурасын бақылап отыру керек. Қалдық су, шалғын судың температурасы 10 градустан жоғарылағанда біз жұмысымызды бастаймыз, - дейді ғылыми топ жетекшісі Ермек Ғабдуллин.

Айта кетейік, биыл өңдеу шаралары табиғат қорғау мақсатындағы су босатудан кейін емес, одан бұрын басталады. Жалпы, кешенді күрес жұмысы сәуірде басталады. Алдымен Ертіс өзенінің аумағы, кейін қала-аудандардағы саябақ аумақтары өңделеді.