Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бүгін – қасиетті Рамазан айының бірінші күні

AstanaTV
23.03.2023ж. 09:23
1231
Бүгін – қасиетті Рамазан айының бірінші күні

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталды. Ораза 23 наурыздан 21 сәуірге дейін жалғасады.

Сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні, 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Айлардың сұлтанында ауыз бекіткен мұсылман баласы ішіп-жеуден ғана тыйылмай, жаны мен тәнін күнәдан тазартып, ізгі іске асығады. Бұл – Құран аяттары түсе бастаған ай. Сондықтан садақа беріп, айналаны жылуға бөлеудің маңызы жоғары.

Ораза ұстау – әр мұсылманға парыз. Себебі бұл күні адамдарға көп жақсылық пен мүмкіндік беріледі. Жәннаттың есігі ашылып, ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі. Сансыз сауап жауады.