$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Үндістанда пиротехникалық зауытта жарылыс болып, сегіз адам қаза тапты

AstanaTV
23.03.2023ж. 16:30
867
Үндістанда пиротехникалық зауытта жарылыс болып, сегіз адам қаза тапты

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатындағы пиротехникалық зауытта жарылыс кезінде кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды. Бұл туралы Хинхуа агенттігі хабарлады.

Зауытта оқиға орнында бес адам қайтыс болып, тағы үшеуі ауруханаға бара жатып көз жұмған. Зардап шеккендердің бірнешеуі ауыр жағдайда.

Жарылыстан кейін ғимарат құлады. Қайғылы жағдайға өндірістегі өрт себеп болған, Өрттің шығу себептері анықталды.

Полиция қылмыстық іс қозғады, оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Үндістанның Махараштра штатындағы Солапур қаласындағы пиротехникалық зауытта да үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған болатын.