$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды

AstanaTV
23.03.2023ж. 18:00
977
Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды

Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды. Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған.

Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.

«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады», - деді Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚ КБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.