Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

AstanaTV
24.03.2023ж. 11:08
1075
Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «112» қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10:30-дан бастап күн райының нашарлауына байланысты (қалын тұман) республикалық маңызы бар Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасының (1291-1353 шақырым аралығы) «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық.