Атырауда мемлекеттік
бағдарламамен салынған көпқабатты үй тұрғындары аулада коммерциялық нысанның
бой көтеруіне қарсы. Ұстаздар мен дәрігерлер 2009 жылы «Нұрсая-3»
шағынауданынан жалдамалы баспана бойынша пәтер алған. Олар үй маңына балалар
алаңы салынса деп отыр. Ересектерге балалар да үн қосты. Олар дүкеннің орнына
футбол алаңын сұрайды. Тараптардың пікірін әріптесім Базаргүл Нәдірқызы тыңдап
қайтты.
Дау болған 7 сотық жер - 38-ші және 40-шы үйлердің арасындағы
алақандай аумақ. Бұл жерге жаңа нысан салынса, көлік қоятын орын қалмайды,-
дейді тұрғындар. Ауладағы ойын алаңы абаттандырылмаған, бұл - батпақты кезде
балалар асыр салатын жалғыз орын. Сондықтан құрылыс салынбауы үшін соңына дейін
күресеміз,- дейді жиналған жұрт.
Нұргүл Макарова:
Бізге аптека да, дүкен де керек
емес. Артынан магазиннің ақшасы
жүрмегендіктен, ол жер сыраханаға айналады. Оны күмән келтірмейміз оған. Бізге балаларға ойын алаңы керек. Себебі ойнайтын футбол алаңы жоқ. Барлық үйлерде
газон бар жасыл желекті. Алты жылдан бері біздің балаларымыз қаңғып, Болашақ,
Тұлпар мөлтекаудандарына барып, таяқ жеп
келіп жүр.
Бибігүл Айтмағамбетова:
Құрылыс алаңына айналып
кетті. Үйіміздің айналасында ине шаншар
жер жоқ. Құрылыс алаңдары басталғаннан бастап, біздің подвалымыз толған су, екіншіден, балаларымыздың ойнайтын жері
болмағандықтан, біз осы құзырлы
мекемелердің барлығының есігін тоздырдық.
Үлкендердің дауына балалар да
үн қосты. Олар «Ойын алаңы керек!» деп жазылған плакаттарды ұстап алған.
Құрылыс жүргізгелі отырған кәсіпкер, тұрғындардың қарсылығына қарамастан
жоспарымды жүзеге асырамын,-деп отыр.
Жанар Тәженова, кәсіпкер:
2015 жылы 30 желтоқсанда сатып
алғанмын жерді. Құжатты тексердік. Барлығы заң бойынша 2010 жылы берілген жер госакт бар, алардың алдында бәрін тексеріп алдым. Госактта жазылған дүкен, кеңсе,
кафе деген. Мен мақсатын өзгертіп жатырмын, дүкен мен кеңсе салып жатырмын,
саламын деп отырмын.
Қаланың бас сәулетшісі құжаттарды жан-жақты тексереміз,- дейді.
Қуанышбек Мақашев, Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы
бөлімінің басшысы:
Бұлар - жерді заңды сатып алушылар. Дүкен мен кеңсе салу үшін сатып алған. Қазір құжаттар бізге түсті, эскиздік жобасы
да бар. Алдымен жан-жақты тексеріп,
сосын шешім шығарамыз.
Базаргүл Нәдірқызы, тілші:
Тұрғындардың айтуынша, жердің
бұған дейінгі иесі де кәсіп ашпақ болған. Алайда халықтың қарсылығынан соң,
сатып құтылғанға ұқсайды. Ал участоктың қазіргі қожайыны өзіне қарасты аумақты
қоршап үлгерген.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ