Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Теміртауда пәтерлердің бірінен кішкентай баланың мәйіті табылды

AstanaTV
24.03.2023ж. 14:10
750
Теміртауда пәтерлердің бірінен кішкентай баланың мәйіті табылды

Теміртауда пәтерлердің бірінен кішкентай баланың денесі табылды.

24 наурыз күні облыстық полиция  күдіктінің жеке басы анықталып, оған іздеу жарияланғанын хабарлады.

Баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт баланы өлтірді деген күдікке ілінді.

"Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге іздеу жарияланып, оны ұстау шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлайды Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтыны атап өтті.