$484.11 €528.79 ₽5.03
×

Қазақ қыздары шетел азаматына тұрмысқа шығуға неге құмар?

24.03.2023ж. 20:00
3224
Қазақ қыздары шетел азаматына тұрмысқа шығуға неге құмар?

Шет ел азаматына қалай тұрмысқа шығуға болады? Қазір осы тақырыпта түрлі тренинг көп. Онда қазақ қыздарына өзге елдің жігітіне ұзатылуының тиімді тұстары айтылады. Сорақысы, мұндай сабақтарды ақшаға сатып алып, арнайы оқып жүрген қаракөз көп. Олар шекара асып, ақ келін атануды абырой көре ме? Аружан Задабек осындай семинар өткізіп жүргендермен байланысып, мақсатын сұрады.

Шет ел азаматына тұрмысқа шығудың жолын көрсетіп жүргендердің бірі – Оксана. Өзі Римде тұрса да, Қазақстанға жиі келіп, семинар өткізеді. Негізгі аудиториясы – 45 жастан асқан әйелдер. Оларға европалық жігітті қалай қаратудың қыр-сырын үйретеді. Айтуынша, оның сабағына қатысатын қазақ қызы көп.

Оксана, КОУЧ-ТРЕНЕР:

Мен аралас некені қолдаймын. Қыздарға өзге елдің мәдениетін, дәстүрін білмей шет ел азаматына қалай тұрмысқа шығуға болатынын үйретемін. Зерттеу бойынша, азиат қыздар мен еуропалық жігіттердің некесі мығым болады. Сондықтан оларды көп қосу керек деп ойлаймын. Осы үшін де семинарлар мен тренингтер өткіземін.

КТМ: Қазақ қызының шет ел заматына тұрмысқа шығуы үйреншікті оқиғаға айналды. Бұрынғыдай таңқалып, таңданбайтын болдық. Оған өз бақытын шекара асып тапқан қаракөздердің әлеуметтік желідегі белсенділігі себеп болса керек. Олар өз аккаунттарында аралас некеге тұрудың тиімді тұстарын айтады. Мұндай отбасының артықшылығын айтып жарысады. Осыдан кейін бе, көзіміз әбден үйренді.

Мына видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Заида есімді арудың шет ел азаматы Джессиға тұрмысқа шығуы біраз адамның ашуына тиді. «Қазақ жігіт таппаған ба?» деп даттады. Оларға шетелдік күйеу бала былай жауап берді.

Халық пікірі де екі ұшты. Бірі – қазақ қыздарының ел ішінде қалғанын қаласа, енді бірі – махаббат ұлтқа қарамайтынын айтты.

БЛИЦ:

- Конечно, қарсымын! Қазақтың жігіттері жетеді ғой. Әп-әдемі жігіттері бар, жұмыс істеп жүрген.

- Әр адамның өзінің выборы бар. Демократиялық республикада тұрғаннан кейін, әр адам өзі шеше алады деп ойлаймын. Шын жүректен ғашық болып қалған адамды как ты запретишь?

- Қазақ бұрыннан өзінің қанын басқамен араластырмаған ғой. Жеті атаға дейін қыз алыспаған, қыз беріспеген. Сол тазалықты сақтау керек, қанның тазалығын сақтау керек деп ойлаймын.

- Махаббат – это одно! Но мен бәрібір қолдамаймын. Қазаққа шыққан дұрыс деп санаймын.

Қоғам белсендісі Қарлығаш Бекбатшақызы аралас некеге түбегейлі қарсы. Ол қазақ қыздарының тектілігін сақтап, ата-баба жолымен жүргенін қалайды.

Қарлығаш БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Өзінің ұлтын, жерін сүйетін, құрметтейтін азаматтар өзінің жерін, өзінің елін сақтап, осы елге қызмет етіп, ұлқа қызмет етеді деп ойлаймын.

Елімізде жылына орта есеппен 100 мың неке қиылса, оның 20 проценті аралас неке. Шетелдік күйеу балалардың басым бөлігі -Франция, Түркия, Ресей елінің азаматтары. Осыны ескерген қоғам белсенділері елімізді сақтау үшін қаракөздердің шекара асуын тоқтату керек дейді.