Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада 17 жылға сотталған жігіт түрмеде некесін қидырды

Қызылордада 17 жылға сотталған жігіт түрмеде некесін қидырды

Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру бабы бойынша 17 жылға сотталған жігіт отбасын құрды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан ол 4 жыл бойы қалыңдығымен байланысын үзбеген. Енді олардың некесі қиылды.

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Үйленіп некемді қиып жатырмын. Заңды куәлікті табыстап жатыр. 2016-дан бері, бостандықтан танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуміз некемізді қиып, үйленуге бел будық, Аллахтың қалауымен үйлендік.

Қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Былтыр 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға оң әсер етеді дейді департамент бастығы.

Шаймерден ЕСЕНКЕЛДИЕВ, ОБЛЫС БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Әрі қарай бақытты болып, балалы-шағалы болып жатқан сотталған азаматтарымыз да бар. Бойдақ сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді, балаға деген. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам, осы жерде тәртіп бұзбасам бостандыққа мезгілінен шартты түрде босау сияқты әрекеттерге барады