Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы мерекелік шара өткізді. Шараға келгендер мұражайға тегін кіріп, концерт тамашалады.
Наурыз тойлауға жиналғандар үшін алдымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ наурыз көже мен бауырсақ таратылды. Қонақтарды батырлар мен бүркітшілер, ал балаларды аниматорлар қарсы алды. Бұл көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
БЛИЦ:
- Барша қазақстандықтарды осы шуағы мол жылулығымен келген, берекесімен келген наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жақсы көңіл күйдеміз.
- Наурыз құтты болсын, барлығымызға да. Көңіл күйіміз өте тамаша, өте жақсы. Күн де ашық, наурызға арналған өзі. Барлық халықты наурызбен құттықтаймын.
- Барша қазақ елін наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
- Құрметті, қазақ елі, бүгінгі Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, әр шаңыраққа құт береке, ырыс-молшылық заман тілеймін.
EXPO халықаралық көрме орталығында Шығыс базары ұйымдастырылды. Сауда дүкендері тақырыпқа сай безендіріліп, онда отандық өндірушілердің тауарлары саудаға шығарылды. Қолөнершілер мен шеберлер де өз қолымен жасалған бұйымдарын ұсынды.
Гүлжан СЕРГІБАЕВА, «QAZEXPOCONGRESS» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Наурызға байланысты ұлттық нақыштағы мюзиклдер біздің елорданың мәдени ұжымдары өнер адамдары үлкен іс-шараларын өздерінің қойылымдарын қойып жатыр. Одан бөлек мына келушілерге өзіміздің ұлттық тағамдар наурыз көже таратылып жатыр.
Мереке барысында асық ату, арқан тарту, ләңгі секілді ұлттық ойындар да ұйымдастырылды. Айтулы мейрам 3 күнге жалғасты.