Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Дубайға жолдама алып беремін". Ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды

AstanaTV
25.03.2023ж. 22:00
686
"Дубайға жолдама алып беремін". Ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды

Ақтау тұрғыны Дубайға саяхат жасау үшін белгісіз тұлғадан жолдама алған. 51 жастағы тұрғын наурыз айының бастапқы мерзімінде жолға шығу қажет болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда осы уақытқа дейін күдікті азаматша берген уәдесін орындамаған. Бұл бойынша жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Оған келтірілген материалдық шығын 658 мың теңге.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 33 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.