Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада өрт болып, көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

AstanaTV
26.03.2023ж. 11:54
1060
Астанада өрт болып, көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Бүгін таңертең Астанадағы қосалқы стансалардың бірінде өрт болып, салдарынан 23 тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, бүгін сағат 8.20-да қуаты 110/10 кВ болатын «Заречная» қосалқы стансасында секцияны ажыратқыш ұяшықтар өртеніп, салдарынан №1 және №2 қуаттық трансформаторлар апаттық жағдайда тоқтатылған.

«Сағат 8.40-та қосалқы стансаға өрт сөндіруші топ келіп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Сағат 9.40-та өрт ауыздықталды.

Технологиялық ақаудың себептері анықталып жатыр. Апаттан кейін қалпына келтіру бригадалары өртенген қондырғыларды ауыстырып, сынақтан өткізеді.

Электр энергиясын беру шектелген 23 тұрғын үй кешені бар (А.Байтұрсынұлы, Б.Момышұлы, Керей-Жәнібек хандар, Ә.Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік ел, Телман кенті)», - деп жазылған ресми мәліметте.

Әкімдіктегілердің хабарлауынша, үйлерге жарық электр қуатын беру өртенген қондырғылар тлоық тексеруден өтіп болғаннан кейін беріледі.