Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оңтүстік Қазақстан облысында үш жасар қызды құтқарған оқушы арнайы марапатқа ұсынылады

AstanaTV
05.04.2016ж. 20:00
1488
Оңтүстік Қазақстан облысында үш жасар қызды құтқарған оқушы арнайы марапатқа ұсынылады

Оңтүстік Қазақстан облысында 3 жасар сәбиді құтқарып қалған оқушыға құрмет көрсетілді. Он жастағы Мұхамедәли Құрақты облыстық төтенше жағдайлар департаменті арнайы алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ оқушы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» деп аталатын ведомстволық наградаға ұсынылмақ. Мұхамедәлидің анасына да сый-құрмет көрсетілді. Ал аудан әкімдігі өжет балаға велосипед тарту етті.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданына қарасты Қосағаш ауылының 4-ші сынып оқушысы Мұхамедәли Құрақ суға батып бара жатқан сәбиді құтқарып қалған болатын. Су жағасында мал жайып жүрген бала арнасынан асып жатқан Қаржан өзеніне сол маңда ойнап жүрген үш жасар қыздың құлап кеткенін көреді. Ойланбастан жүгіре жөнелген Мұхамедәли судың салқындығына қарамастан, ағысы қатты өзеннен бүлдіршінді жағаға алып шыққан.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ