$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Батыс Қазақстандық шенеунік қызметтік кабинетінде қой сұраған

AstanaTV
27.03.2023ж. 18:17
1664
Батыс Қазақстандық шенеунік қызметтік кабинетінде қой сұраған

БҚО, Сырым ауданы әкімінің орынбасары жеке шаруасымен келген ауыл тұрғынынан қой сұраған. Қызметтік кабинетінде заңды аяқасты қылудан қымсынбаған шенеуніктің ісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды. Жиын барысында ауыл тұрғынының жер телімін алу туралы өтінішпен Сырым ауданы әкімінің орынбасарына келгені мәлім болды. Тұрғынның құжатында ауылдық округ әкімінің қолы жоқ екенін ескерткен шенеунік сөз арасында бұл көмегі үшін бір қой әкеліп тастауын талап етеді. Амалы таусылған тұрғын сұратқан қойын беріп жібереді. Кейін бұл іс тексеріліп, шенеуніктің тәртіптік ісі осымен үшінші рет қаралып отырғаны анықталып, қатаң сөгіс берілді.