Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Парламенттің алғашқы сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

AstanaTV
27.03.2023ж. 17:18
784
Парламенттің алғашқы сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз, №153», - делінген құжатта.