Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жетісу Алатауында қар барысы мен арқарлар видеоға түсіп қалды

AstanaTV
27.03.2023ж. 19:26
784
Жетісу Алатауында қар барысы мен арқарлар видеоға түсіп қалды

Жетісу тауларында қар барысы көзге түсті. Бұл жайында «Табиғат» аңшылар қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мәлім етті.

Наурыз айының соңында «Табиғат» қауымдастығы зоолог ғалымдармен, аңшылармен және аңшылық шаруашылық мүшелерімен бірлесіп Жетісу Алатауында жануарларға мониторинг жүргізген.

«Мұнда аңшылық шаруашылықтарының аумағында «Тұрақты туризмді дамыту» жобасы аясында қар барысы мен басқа да сүтқоректілердің санын есепке алу жұмысы жалғасып жатыр. Нәтиже өте жақсы, ондаған камера сирек кездесетін жыртқыштарды тіркеді. Бүкіл деректер мамандарға беріледі» деп хабарлады қауымдастықтан.

Видеотұзақтан ақпарат алудан бөлек, жануарларды визуалды есепке алу да ұмыт қалмайды.

Бұл процесс барысында сирек кездесетін аңдар, атап айтқанда Қызыл кітапқа енген арқарлар мен аюлар түсіріп алынған.

Аталған жоба CEPF және WWF атты халықаралық экология қорларының қолдауымен жүзеге асып жатыр.