$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Қосалқы бөлшек ретінде елге әкелінетін көліктер де заңдастырылады

AstanaTV
27.03.2023ж. 20:00
1622
Қосалқы бөлшек ретінде елге әкелінетін көліктер де заңдастырылады

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталғалы 69 мыңнан астам көлік мемлекеттік нөмірге ие болды. Оның 67%-ы Ресейден, 19%-ы Армениядан, 10%-ы Қырғызстаннан, 2%-ы Грузиядан. Енді елге қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктер де тіркеуге алынады. Бұған қатысты Үкімет жоба әзірледі. Талқылаудан өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі бір реттік заңдастыруды конструкторлық көліктерге қатысы жоқ деп мәлімдеген болатын.

Қайсар СҰЛТАНБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Аталған жоба талқылаудан өтті. Қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түкпілікті келісімге жібереміз. Одан кейін үкіметке енгіземіз. Заңдастыру жұмыстары жалғасуда.