Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстаннан ақша қай елдерге жиі жіберіледі

AstanaTV
28.03.2023ж. 14:08
1571
Қазақстаннан ақша қай елдерге жиі жіберіледі

Қазақстанның Ұлттық банкі біздің елден ақша қай елдерге жиі жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жіберілген аударымдар бойынша алғашқы бестікке Грузия, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан кірді.

Ал алынған трансферттер бойынша 5 елдің көш басында Оңтүстік Корея тұрды, одан кейін АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, ең соңында Ресей рейтингті жапты.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылы Халықаралық ақша аудару жүйелері (ХААЖ) арқылы жүзеге асырылған ақша аударымдарының жалпы көлемі - 1,8 трлн теңге. 2021 жылмен салыстырғанда операциялардың 32,7% өскені байқалады.

ҚҰБ баспасөз қызметі:

Транзакциялардың негізгі үлесі, яғни 94,7%-ы - Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдары. 2022 жылға шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы шамамен бірдей: сәйкесінше 415 мың теңге және 413 мың теңге.

Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдары сомасы 2,4%-ға біршама өсе түскен тұста ХААЖ арқылы басқа елдерден алынған ақшалай аударымдардың көлемі айтарлықтай (2,4 есе) өскені байқалады.

ҚҰБ баспасөз қызметі:

2022 жылы ХААЖ арқылы алынған ақша аударымдарының өсуі Ресейден (6,8 есеге), Қырғызстаннан (өсім 2,8 есеге) және АҚШ-тан (33% өсім) ақша аударымдары көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.

Сонымен қатар 2022 жылы Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі 34,6% өскені хабарланды. ХААЖ арқылы бір жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңге болды. Бұл 2021 жылдың сәйкес көрсеткішінен 58,0% артық.