Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жыл сайын 3 мыңнан астам қазақстандық АИТВ инфекциясын жұқтырады

AstanaTV
28.03.2023ж. 14:40
1551
Жыл сайын 3 мыңнан астам қазақстандық АИТВ инфекциясын жұқтырады

Біле тұрып басқа адамға АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтыру қылмыстық құқық бұзушылық. Қылмыстық кодекстің 118-бабына сәйкес егер АИТВ-ның оң мәртебесі бар адам басқа адамға жұқтырса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының деректері бойынша өткен жылы 30 маусымда елімізде 30 мыңға жуық АИТВ жұқтырған адам тіркелген. Оның 89,6% (26,9 мың) 15 пен 49 жас аралығындағы азаматтар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей осы жас тобындағы азаматтар арасында АИТВ-ның таралуы жоғары.

2022 жылғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды яғни 0,31%. Орталықтың статистикасы көрсеткендей, 2000 жылдан бастап елімізде АИТВ-ның таралу деңгейінің жыл сайын өсуі байқалады.

Бұл тенденция екі факторды көрсетеді. Аурушаңдықтың жоғарылауы және тәуекел тобындағы тексерілген пациенттер санының артуы, олардың арасында жаңа жағдайларды анықтау. Қазақстан БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша «95-95-95» бірлескен бағдарламасын ұстанады.

Аталған стратегияға сәйкес, қазақстандық дәрігерлер АИТВ жұқтырғандардың 95%-ы тест тапсырып, өз мәртебесін біліп жүруді мақсат етіп қойып отыр.

Екінші мақсат – инфекция жұқтырғандардың 95%-ы БҰҰ стандарттарына сәйкес келетін антиретровирустық терапияны алу үлесін арттыру (қазіргі көрсеткіш 81%). Ал үшінші 95% бұл ең аз вирустық жүктемесі бар терапияны алатын жұқтырғандардың үлесі (қазір 85%).

Өңірлер бойынша таралу деңгейі бірдей емес. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында көрсеткіш республикалық деңгейден едәуір жоғары. Мысалы, ШҚО-да 15-49 жас аралығындағы АИТВ жұқтырғандардың үлесі 0,9%, Қарағанды облысында 0,7%-ы құрайды. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау және Қызылорда облыстарында (0,1%).

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, 2017 жылдан 2021 жылға дейін еліміздің ЖИТС-орталықтары 3-3,5 мыңнан астам пациентке көбейді. Сонымен қатар, жыл сайын (пандемия кезін есептемегенде) дәрігерлер жұқтырғандар санының өсуін айтып отыр.

Өткен жылы 3,9 мың қазақстандықтың АИТВ тестінің нәтижесі оң болып шығып, инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 11,5%-ға көп (3,5 мың).

Біле тұрып басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру қылмыстық құқық бұзушылық. Қылмыстық кодекстің 118-бабына сәйкес, егер АИТВ-ның оң мәртебесі бар адам басқа адамға жұқтырса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер АИТВ жұқтырған адам серіктеске ескерту жасаса және ол өз еркімен тәуекелге барса онда жағдай ескеріледі.

Құқық қорғау органдары жыл сайын жұқтырған адамдардың өтініштерін тіркейді. Бірақ ЖИТС орталықтарының жаңа пациенттерінің жалпы жылдық статистикасымен салыстырғанда, қасақана инфекцияға байланысты полицияға жүгінетіндердің саны шамалы.

Өткен жылы жұқтырған 3,9 мың адамның тек 4-і немесе 0,1%-ы өтініш жазған. Оның алдыңғы бесжылдықта мұндай өтініштер де аз болды (5-тен 12-ге дейін). Бұл Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері.

Айта кетерлігі, АИТВ жұқтыру бойынша қозғалатын қылмыстық істердің барлығы сотқа жете бермейді. Әртүрлі себептермен іс сотқа жетпей жиі жабылады. Оған бірнеше факторы бар, соның бірі дәлелдеу. Мысалы, өткен жылы құқық қорғау органдарында 6 қылмыстық іс жүргізілді. Оның 4-і 2022 жылы, қалған 2-і өткен жылдардан келе жатыр. Жыл соңына дейін сотқа тек 2 іс жіберіліп, 4 іс жабылды.

Құқықтық статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, аталған 4 іс келесі себептер негізінде тоқтатылды. Қылмыстық құрамның болмауы, мерзімнің өтуі, күдіктінің қайтыс болуы, сондай-ақ қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитеті бар адамды қылмыстық жауапқа тартуға прокуратураның келісім беруден бас тартуына байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 57-тарауына сәйкес мұндай адамдардың қатарына дипломатиялық қызметкерлер, судьялар, прокурорлар мен Парламент депутаттары жатады. Бірақ қылмыстық істерді нақты тоқтату үшін аталған негіздердің қайсысы қолданылды, ол жағы айтылмаған.

Сонымен қатар есептен жәбірленушілердің гендерлік қатынасын байқауға болады. Көбіне әйелдер шағымданып, арыз жазады. Кәмелетке толмағандардың АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайлары да тіркеледі. 2019, 2021 және 2022 жылдары АИТВ жұқтырған 9 оқушының (колледж және лицей оқушылары) ата-анасы полицияға жүгінді.