Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Парламент Мәжілісінің депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды

28.03.2023ж. 20:00
1374
Парламент Мәжілісінің депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліске жаңа сайланған депутаттарды тіркеді. Қаулығы сәйкес, 98 депутатқа куәлік пен төсбелгі табысталды. Депутат куәлігін «Amanat» партиясының партиялық тізімі бойынша – 40 азамат алды. «Ауыл» партиясынан 8, «Respublica» және «Ақ жол» демократиялық партиясынан – алты-алтыдан депутат сайланды. Қазақстан Халық партиясынан –5, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 4 адам тіркелді. Ал, бір мандатты округтерден 29 депутат шықты.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Парламентте саяси партиялардың өкілдігі алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 3-тен 6-ға дейін екі есе өсті. 29 депутат өңірлерден сайлаушылардың мүдделерін білдіреді және олармен императивті мандат арқылы байланысты. Осылайша, сайлау бәсекелестік және ашықтық қағидаттарында өтті. Олардың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттық корпусы айтарлықтай жаңартылды.

Мәжіліс депутаты атанған 98 адамның бәрі тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды. Осылай деген орталық сайлау комиссиясының төрағасы төсбелгі мен куәлікке ие болған азаматтарды құттықтап, толағай табыс тіледі. Халықтың сенімін ақтап, жауапкершілікті сезіну - басты міндет екенін атап өтті.

МӘЖІЛІСКЕ САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР:

«Amanat» партиясы – 40

«Ауыл» партиясы – 8

«Respublica» партиясы – 6

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 6

Қазақстан Халық партиясы – 5

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4