Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

28.03.2023ж. 20:00
1039
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Жетісу ауданы Ақсу елдімекенінің маңында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Салдарынан 3 адам көз жұмды. Toyota Camry мен Kia Rio жеңіл автокөліктері Алматы-Өскемен тас жолында 406 шақырымында соқтығысқан. 2 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Меруерт МОРЯКОВА-ЖЕТІСУ АУДАНЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Тағайындалған сараптамалардың қортындысы бойынша, тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады.