Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан түрмелерінде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар 484 адам отыр

28.03.2023ж. 20:00
831
Қазақстан түрмелерінде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар 484 адам отыр

Түзету мекемелерінде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар 500-ге жуық адам отыр. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары мәлім етті. Оның айтуынша, олардың 343-і экстремистік, террористік қылмыс жасағаны үшін сотталғандар. Ал қалғаны экстремистік жат ағымды ұстанатын, бірақ басқа қылмыс түрлерімен - кісі өлтіру, ұрлық, алаяқтық сияқты заң бұзушылықтармен қамалғандар.

Мейрам АЮБАЕВ, ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде екі есеп қой. Таза экстремистік, террористік қылмыспен сотталғандар бар және жалпы Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарымен сотталғандар бар. Бірақ олардың саны экстремистік қылмыс жасап сотталғандардан асып түспейді.

Жат ағымның жетегіне еріп, темір торда жазасын өтеп жатқандар да бұрынғы әдетінен тез арыла қоймайды, дейді құзырлылар. Олар түрлі тәсілмен түрмеге ұялы телефон алып кіріп, идеологияларын жүргізетін көрінеді.

Жанат ЕШМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір сотталғандар арнайы бір түзету мекемесіне қамалмайды. Көп жағдайда тұрғылықты мекен-жайларына байланысты әр жердегі абақтыларға жіберіледі. Ал тәртіпке бағынбай, қасындағыларға теріс әсер еткендер жергілікті тергеу учаскелеріне оқшауланады.